Bugin
Қазақта баланың туғанынан бастап өмірінің соңына дейінгі әр кезеңіне өзіне сай атау берілген. Ендеше сол кезеңдерге жеке тоқталып өтсек.
1 жасқа дейінгі кезеңі – шақалақ, нәресте, сәби
1 жастан 2 жасқа дейін – бөбек
2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін
3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған
6 жастан 7 жасқа дейін – бала
8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек
13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала
16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала
20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт
30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға
40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі
50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы
60 пен 70 жас аралығы – қарасақал
70 пен 80 жас аралығы – ақсақал
90 мен 100 жас аралығы - селкілдек шал деген атау алған.
Сондай-ақ әр 12 жыл сайын бір мүшел толып, соған байланысты да бекітілген жас атауы бар.
1- мүшел -13 жас (ер жете бастау)
2 - мүшел – 25 жас (жігіттік жас)
3 - мүшел – 37 жас (толысу жасы)
4 - мүшел – 49 жас (орта жас)
5 – мүшел – 61 жас (кемелдену жасы)
6 - мүшел – 73 жас (қарттық)
7 – мүшел - 85 жас (кәрілік)
8 - мүшел – 97 жас (қалжырау)
9 - мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)
10 – мүшел -121 жас (немене сүю) кезеңі деп аталады.