МӘДЕНИЕТ
76-шы Канн кинофестивалі өз мәресіне жетті. Әлемдік танымал тұлғалардың басын қосқан фестивал олардың стилистеріне шеберліктерін көрсетудің жақсы мүмкіндігі болды. Бас жүлдені, яғни «Алтын пальма бұтағын» «Құлау траекториясы» фильмі мен оның режиссері Джастин Три иеленді. Ол фестиваль тарихында бас жүлдені алған үшінші әйел атанды.
Фестивальдің Гран-при жүлдесі британдық режиссер Джонатан Глейзерге «Қызығушылық аймағы» драмасы үшін берілді. Француз режиссері Чан Ан Хунг Канндағы ең үздік режиссер атанды.
Нури Билге Джейланның «Құрғақ шөп туралы» фильмінде басты рөлді сомдаған түрік актрисасы Мерве Диздар «Үздік әйел рөлі» жүлдесін жеңіп алды.
Жапондық Коджи Якусе әйгілі неміс режиссерлерінің бірі Вим Вендерстің жаңа фильмі - «Әдемі күндер» фильміндегі рөлі үшін Канндағы «Үздік ер адам рөлі» жүлдесін жеңді.
Екі аптаға жуық уақыт бойы әлем жұртшылығы жұлдыздарды мұқият қадағалап, олардың киімдерін, шаш үлгісін және жанжалды қылықтарын талқыға салды. Биыл Канн кинофестивалінің қызыл кілемімен жүріп өткен сұлулардың көпшілігі ашық образда шығып, ерекше әсер қалдырды.
Ирина Шейх
Тағы да сын астына қалғандардың бірі танымал модель Ирина Шейх болды. Иринаның да үстіне киген былғары топ-бандосы ыңғайсыз болып шығып, кеуде тұсын қолымен жауып жүруіне тура келді.
Ағылшындық актриса ыңғайсыз образ бойынша барлығын басып озды. Голливуд актрисасы жалбыз түсті жылтырақтармен көмкерілген ашық комбинезон киді.
Актриса Джулия Фокс та биылғы кинофестивальге тек ашық киімдермен бой көрсетіп, желіде талқыға түсті.
Хари Неф те жоғарыда айтылған актрисалардан қалыспай, шараға үстіңгі бөлігі кеудесін толық көрсетіп тұратын Fendi-дің қардай аппақ көйлегінде бой көрсетті.
Француздық модель Хлоя Лекаре алтын түсті Stephane Rolland көйлегінде шықты. Ғаламтор қолданушылары оны көйлекті теріс киіп алған деп мазақ қылған болса, әлемдік БАҚ Канн-2023 кинофестиваліндегі ең сәтсіз образдардың біріне жатқызды.
Мұндай ашық образдардың көптігі сонша, олардың әрқайсысына жеке тоқталу мүмкін емес. Бірақ ең ерекше есте қалғандардың бірі - Америка атынан шығып жүрген ирандық модель Малага Джаберидің образы болды. Бойжеткен «Иранда өлім жазасына кесуді тоқтатсын» деген қарсылығын көрсететін Jila Atelier-нің мойнында арқаны бар және белдемшесінде «Өлім жазасын тоқтату» деген жазуы бар костюмын таңдаған.
Әрине қызыл кілемді жүріп өткен жұлдыздардың арасында тым ашық емес, бірақ есте қаларлық образда шыққандар аз болмады. Мәселен танымал актриса Дженнифер Лоуренстің қызыл көйлегі желі қолданушаларын сүйсінтті.
Тағы бір бүкіл әлемнің назарына ілігіп, қошеметіне ие болған образ Натали Портманға тиесілі болды. Актриса үшін Dior сән үйі 1949 жылғы кутюр топтамасындағы, түпнұсқасы Метрополитен өнер мұражайында сақталған әйгілі Juno көйлегін қайта дайындап шықты.