МӘДЕНИЕТ

Алматыда «DalaFest» халықаралық классикалық музыка фестивалі өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осы жаздың ауқымды және орасан зор мәдени шарасы барлық алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтарын күтеді! «Dala Classic» музыкалық агенттігі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен қала тұрғындары мен қонақтарын «DalaFest» халықаралық музыкалық фестивалі аясында ұмытылмас классикалық музыка кештеріне  шақырады.

14-18 маусым аралығында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының үлкен сахнасында әлемге әйгілі музыканттар өнер көрсетеді, ал фестиваль күндерінде Л. Ван Бетховен және Морис Равель, Ф. Шуберт және С. Рахманинов, Ф. Мендельсон-Бартольди және П.И. Чайковский, Н. Паганини және А. Пьяццолла сияқты есімдері мәңгілікке классикалық музыкалық өнердің қалыптасу тарихына енген әйгілі классиктердің шығармалары орындалады. ҚР Мемлекеттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен белгілі солистер қатысатын «DalaFest» концерттік бағдарламасы  тіпті ең тәжірибелі сыншыны да бей-жай қалдырмайды.

«DalaFest» халықаралық классикалық музыка фестивалінің мақсаты - қаланың мәдени кодын сақтау! «Dala Classic» компаниясының жоспарына көптеген ғасырлар бойы қызығушылық танытып келе жатқан басқа да белгілі фестивальдардың әлемдік күнтізбесіне ену болып табылады. Мұндай концерттік жобалар еліміздің іргелі ұлттық-мәдени мұраларын жаңғыртуға, Еуразия кеңістігіндегі ғасырдан ғасырға жалғасқан өркениет дәстүрін сабақтастыруға, сондай-ақ Қазақстанның имиджін әлемдік деңгейде дәріптеуге мүмкіндік береді. Ең негізгі мақсат - өскелең ұрпақты рухани-мәдени құндылықтармен тәрбиелеуге жол ашады.         

«Классикалық өнер жалпы мәдени өсуге, адамгершілікке, жас ұрпақты тәрбиелеуге әсерін тигізеді. Біздің жоба сапалы контентпен танымал болды, оған біз ерекше мән береміз. Біз әрқашан ең үздік орындаушылар мен жақсы бағдарламаны таңдаймыз. Ынта мен іске деген сүйіспеншілік жобаны дамытуға көмектесуде. Болашақта демеушілер мен меценаттардың қызығушылығын арттырамыз деген үміттеміз. Жақын уақыттағы ең үлкен жоба – бұл 14-18 маусымда өтетін Dala Fest халықаралық классикалық музыка фестивалі. Фестивальге қазақстандық әртістер мен классикалық өнердің әлемдік жұлдыздары қатысады» - деді «Dala Classic» жобасының қамқоршылық кеңесінің мүшесі, музыкант Ғазиза Ғабдрахимова.

Фестивальдің алғашқы күні 14 маусым сағат 19.00-де

Меруерт Кәрменова

Меруерт Кәрменова

- Меруерт Кәрменованың жеке концерті (скрипка), Қазақстан;

- Christia Hudziy (фортепиано), Бельгия.

Фестивальдің екінші күні 15 маусым сағат 19.00-де

Лукас Генюшас

Лукас Генюшас

- Лукас Генюшастың жеке концерті (фортепиано), Литва/Ресей.

- Фестивальдің үшінші күні 16 маусым сағат 19.00-де камералық музыка концерті.

- Poom Prommachart (фортепиано), Малайзия / Тайланд;

- Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартеті;

- Еркебұлан Сапарбаев (скрипка), Қазақстан;

- Федор Артамонов (виолончель), Қазақстан.

Фестивальдің төртінші күні 17 маусым, сағат 18.00-де. Симфониялық музыка концерті.

Роман Ким

Роман Ким

- Роман Ким (скрипка)

- Т.Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қанат Омаров.

Фестивальдің жабылуы 18 маусым, сағат 18.00-де

DalaFest

DalaFest

- Т.Әбдірашев атындағы ҚР МАСО сүйемелдеуімен Қазақстанның жетекші музыканттары мен шетелдік қонақтардың қатысуымен «DalaFest» Халықаралық фестивалінің Гала-концерті.

Классикалық кештер мен музыкалық мерекенің атмосферасына қош келдіңіз! Толығырақ ақпарат: https://www.instagram.com/dala.classic.kz/.