Bugin

Семей орманындағы өрт кезінде жоғалып кеткен Архиповтің денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абай облысындағы алапат орман өртін сөндіруге көмектесемін деп жоғалып кеткен Сергей Архиповтың мәйіті табылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіні сілтеме жасап хабарлайды.

"Абай облысының полицейлері өртті сөндіру орнынан 50 км қашықтықта іздеу іс-шараларын жүргізген. Іздеу барысында 10 маусымда жоғалып кеткен Абай облысының тұрғыны Архипов Сергей Николаевичтің мәйітін тапты. Денесінде зорлық белгілері жоқ" делінген хабарламада.

Ер адамның денесін қызметтік иттің көмегімен тапқан. Полиция қызметкері жол бойында қалған заттарды байқаған. Периметрді сызу барысында Архиповтың денесі ағаштың астынан табылған.

Осы факт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді.

Семей орманындағы өрттен қайтыс болғандар саны 15-ке жетті.

Бұған дейін Архиповтың тракторы табылғаны хабарланған.