ДЕНСАУЛЫҚ

Euro-2024 іріктеуі: Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы төртінші ойынын Солтүстік Ирландияға қарсы өткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап

Кездесу барысында қос құрама жылдам гол соғуға тырысты. Десе де, қақпаны дәл көздей алған жоқ. Қазақстандық футболшылар қатарынан Максим Самородов өз мүмкіндігін құр жіберіп алды. Есепті өзгертетін мұндай сәттер Солтүстік Ирландия құрамасында да болды.

Екінші кезеңде де тартысты ойын жалғасты. Матчтың 88-минутында Абат Айымбетов ұлттық құрама сапындағы сегізінші голын соқты.

Осылайша Қазақстан қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Сондай-ақ ел құрамасы сынға түсетін H тобында Финляндия Сан-Мариноны 6:0 есебімен тізе бүктірсе, Словения мен Дания 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Енді қазақстандық футболшылар алдағы ойынын 7 қыркүйекте өз алаңында Финляндияға қарсы өткізеді.