Bugin

Таңның атуы мен күннің батуын көргеннен қандай пайда бар?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Күн батқаны мен таң атқанын қарсы алатын адамдардың психикасы жақсара түсетінін білесіз бе? Себебін тереңірек білгіңіз келсе, материалды соңына дейін оқып шығыңыз.

Әдемі таң атқанын тамашалау үшін ұйқыңызды қиюға тура келеді. Ал кешкі сұлулықты көру үшін ерінбей серуенге шығыңыз. Еңбегіңіз еш кетпейтініне сөз беремін.

Ғалымдар адам психикасын реттеуге қарапайым аспан көмектесетінін бірнеше рет айтып келе жатыр.

Британдық Эксетер университетінің зерттеушілері осы жөнінде зерттеулер жүргізді. Компьютерлік графиканы қолданатын үлкен эксперименттің бір бөлігі ретінде олар тәуліктің әртүрлі уақытында 2500-ден астам қатысушыға қала мен ауыл пейзаждарын көрсетті.

Бұл көріністерде күннің шығуы мен батуы сияқты көріністер болған кезде, адамдарда ерекше эмоция пайда болған. Олар мұны күнделікті өмірде көріп жүргенінен ерекше деп бағалады

Сонымен қатар таң мен күннің батуынан адамдарда қорқыныш, үрей де әрі бақыт, қуаныш сезімі де туатыны белгілі болды. Зерттеушілер мұндай көріністі жасанды түрде көрсеткенде, эмоциялар көңіл-күйді жақсартып, жағымды сезімдерді күшейтетінін атап өтті.

Journal of Environmental Psychology журналында жарияланған мақалада ғалымдар табиғат психиканы емдеуде табиғат рөл атқаратынын айтады. Соның бір бөлігі ретінде күн батуы мен таң шапағын көруді қосуға болады екен.

Эксетер университетінің ғылыми қызметкері және зерттеудің жетекші авторы Алекс Смолли қоршаған ортаның ағзаға оң әсерін тиетінін білу керек деп санайды.

"Зерттеулерден байқағанымыздай, күннің шығуына сәл ерте тұруға немесе күннің батуын көру үшін серуендеуге уақыт тапқан жөн. Осылайша тек табиғатқа тамсанып қоймай, денсаулығымызға да пайдасы тимек", - дейді ғалым.

Жақында осыған ұқсас зерттеу саябаққа, орманға немесе бақшаға барудың психикалық денсаулыққа пайдасы барын дәлелдеді.