Bugin

ҰБТ: Биыл грант конкурсына өтініштер нақты қай күндері қабылданатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтаулық талапкер Алматыдағы ЖОО-ға құжат тапсырғысы келсе, жергілікті универистет арқылы құжаттарын жолдай алады. Ол үшін Алматыға арнайы барудың қажеті жоқ. 2023 жылғы негізгі ҰБТ қорытындысын жариялаған Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев шалғай өңірлердегі талапкерлерге осындай кеңес берді.

"Осы жерде мына маңызды нәрсені айта кетсем, құжаттарды кез келген ЖОО арқылы тапсыруға болады. Мысалы, Алматыға оқуға түсуді жоспарлап отырған ақтаулық түлек грантқа өтініш беру үшін Алматыға келмей-ақ, құжаттарын еGov арқылы онлайн немесе жергілікті ЖОО арқылы офлайн тапсыра алады", - деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ ол грант конкурсына құжат қабылдау 7 күн бойы жүретінін ескертті.

"Биыл грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады. Алыс аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін еGov электронды үкімет порталы арқылы онлайн өтініш қабылдау жүргізіледі. Сонымен қатар құжаттарын дәстүрлі форматта – офлайн тапсырғысы келетіндер үшін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жұмыс істейді", - деді Қуаныш Ерғалиев.