Bugin

Балабақша қызметкері балаларға жыныстық азғындық жасады деп айыпталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыдағы балабақшалардың бірінде кішкентай балалар зорлық-зомбылыққа ұшыраған.

Бұл туралы адвокат Айман Омарова хабарлады.

"Алматының Полиция департаменті балабақшада аула сыпырушының балаларға зорлық-зомбылық көрсету ісі бойынша қылмыстық істі әлі тіркемеді. Балалардың ата-анасы қалалық прокуратураға да жүгінген, алайда олар да әрекетсіз отыр. Балаларға зорлық-зомбылық көрсету бойынша 6 дерек бар. Полиция іс қозғауы үшін балалар зорланып немесе өлтірілуі керек шығар", - деді адвокат. 

Қалалық полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 

"Алматы қалалық Полиция департаменті, қылмыстық іс Бостандық аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 124-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Оқиғаның объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде қылмыстық іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Сотқа дейінгі тергеу барысы ПД басшылығының бақылауында", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілі Салтанат Әзірбек.