Bugin

Ақтауда ер адамнан жәбір көрген қыздың видеосы тарады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтауда қыздың көмек сұрап жылаған видеосы тарады. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді.

Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрлардан ер адам қыздың қолынан жібермей ұстап тұрғаны, ал қыз "көмектесіңдер" деп айқайлап жылағаны көрінеді. Оқиға 11-шағынауданда Ынтымақ алаңында болған.

Маңғыстау полициясы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, қыздың телефоны ұрланған.

"20 шілдеде сағат 2:30 шамасында "102" кезекші пультіне белгісіз біреу жәбірленушіні қорқытып, оның "Самсунг" маркалы ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткені туралы қоңырау түсті. Осылайша, күдікті 100 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген", - деп хабарлады ведомство.

Күдікті анықталып, оны ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі ("Тонау") бойынша Ақтау қалалық ПБ соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", - деп қосты тәртіп сақшылары.

Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.