Bugin

Түркиядағы орман өрті туристік орталықтарға дейін жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркияның танымал туристік курорты - Кемерде орман өртке оранды. Қызыл жалын Гёйнюк ауылындағы қонақүйлерге жақындай бастаған. Бұл туралы ресейлік туристер Telegram-арналарда хабарлады.

Өрт Анталиядан бірнеше шақырым жерден де көрініп тұр. Жел салдарынан өрт тез тарап, бірнеше ауылдық округке жақындай бастаған. Орман массиві өртке оранып жатыр.

Mirada del mar қонақүйіне орналасқан туристің сөзінше, қызметкерлер өртке қатысты алаңдаушылық білдіріп те, қонақтарды эвакуациялап та жатқан жоқ. Эпцентрге жақын қонақүйердегі жағдай қандай екені белгісіз. Туристік чаттардағы мәлімет бойынша, өрт шыққан жерде балалар лагері жақын орналасқан.

Түрік БАҚ-тарының мәліметінше, өрт бригадасы Анталияның үш ауданында және Маниса, Кахраманмараш провинцияларында өртті сөндіруге бар күштерін салып жатыр.

Ел президенті Режеп Тайы Ердоғанның сөзінше, өртті сөндіруге 24 ұшақ, 100 тікұшақ және 25 мың өртсөндіруші жұмылдырылған.