Bugin

Ақтауда екі баласымен подъездегі бетонда ұйықтаған әйелді ана құқығынан айырмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қалалық білім басқармасы мас күйде балаларымен бірге подъезде ұйықтаған әйелдің үстінен сотқа шағымданды. Алдағы уақытта әйелдің ата-ана құқығын шектемек.

Балаларымен бірге еденде ұйықтаған әйелге қатысты білім басқармасы шара қабылдағанын мәлімдеді. 

"Сонымен қатар бұл іске қатысты материал Ақтау әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссияның қарауына жолданды", – делінген ақпаратта. 

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда әйелдің екі баласымен подъезде түнегенін жазған едік.