Bugin

Ақмолада 59 жастағы жұмысшыны топырақ басып, мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақмола облысында су құбырын тартып жатқан 59 жастағы ер адам топырақтың астында қалып көз жұмды.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай Ақкөл қаласының "Наука-1" саяжай алабында сантехникалық жұмыстары кезінде болған.

Бұл жайында Ақкөл аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті медбике хабарлап айтқан.

"Белгілі болғандай, 59 жастағы ер адам шілденің 27-де сағат 16:30 шамасында үй иесімен ауызша келісім негізінде ені 1,5 метр, тереңдігі 2 метр шұңқырға түсіп, су құбырын тартпақшы болған. Осы кезде шұңқырдың жоғары қабатындағы топырақ опырылып, ер адамды басып қалған. Ол алған дене жарақатынан сол жерде көз жұмды", - деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, бұл дерек Қылмыстық кодекстің 156-бабы бойынша тіркеліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.