Bugin

Алматыда әйелдің басын кесіп алып, базарға тастаған: Тергеу жұмыстары аяқталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда әйел адамның басын кесіп алып, базарға тастаған күдіктіге қатысты тергеу жұмыстары аяқталды. Іс сотқа жолданды.  
"Соттың санкциясымен 1962 жылы туған И. есімді азамат тұтқындалды. Күдіктінің жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғаны, қылмыстың жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды", –  делінген хабарламада.
Қазір Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасымен ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқықбұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Алматыда әйел адамның басы табылғаны жайлы бұрын жазған едік.