Bugin

Сән салондарындағы қызмет түрі тағы 20 пайызға қымбаттайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бьюти сарапшылардың пікірінше, косметикаға деген тапшылық жалғаса берсе, сән салондарындағы қызмет түрі тағы 20 процентке қымбаттауы мүмкін.

Салон иелерінің айтуынша баға шарықтауына мамандардың қызметі емес, шетелдік материалдардың қымбаттауы әсер еткен.

Сән салондарын санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қадағалайды. Косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар алты айда бір рет, шаштараз секілді сұлулық орталықтары үш жылда бір рет қана тексерістен өтеді.

"Азаматтар тарапынан түскен арызда егер нақты негіздер және дәлелді материалдар болған жағдайда мұндай объектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі"-деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Марат Байтүгелов.

Елімізде сұлулық салондарының қызметі 15%-ке қымбаттады. Жыл басынан бері отандық салондар 89 миллиард теңге табыс тапқан.