Bugin
Генерал-лейтенант, чекист Амангелді Шабдарбаев Қаңтар оқиғасының алдында болған жағдай туралы айтып, құпия әңгімелерді айтты.
"Кәрім Мәсімовпен Қаңтар оқиғасына дейін кездескем. Екеуміз әңгімелескенбіз. Маған көп нәрсе айтып берді. Бір әңгімесінде Қаңтарға дейін бір жыл бұрын Назарбаев Дариғаға "сен боласың" (президент - еск.) деді. Дариға келісті, Мәсімов куәмін деді. Дариға досының бәрін шақырып алған. Назарбаев "мыналардың не істейтінін жазып ал" деп Мәсімовке тапсырма берді. Дариға сол кезде "ертең президент боламын ғой" деп кімнің басын жұлып алатынын, кімге не істейтінін айтқан. Ертесіне жазбаны көрген Назарбаев қызына "мына түріңмен қалай президент боласың?" деп, оны Сенаттан да алып тастады. Қалай ол президент болады? Ертең Путин келеді дейік, Дариға президент болса, ертең қалай кездеседі? Назарбаев сияқты бірге моншаға бара ма?" - деді ол.