Bugin

Астана полиция департаменті 40 миллион теңгеге кондиционер сатып алмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астана полициясы екі кондиционер сатып алуға 40 миллион теңгеден астам қаржы жұмсамақ. Аталмыш ақпарат мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланды.

“Тапсырыс беруші – "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті" мемлекеттік мекемесі; атауы – кондиционер қосымша сипаттама - серверлік бөлме үшін; бір данасының бағасы – 20,089 миллион теңге; екі желдеткішке жоспарланған жалпы сома – 40,017 миллион теңге”, – делінген хабарламада.

Өтінімдерді қабылдау басталып та кетті, байқау 15 тамызда аяқталады. Сондай-ақ лоттан салқындату құрылғыларын сатып алуға арналған қаражат бюджеттік екенін білуге ​​болады.