Bugin

Қызылордада ауруханада ем алып жатқан әйел балконнан секіріп кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызылордада облыстық ауруханада ем алып жатқан әйел балконнан секіріп кетті.

62 жастағы науқасқа жедел көмек көрсетілгенімен, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Оның мұндай қадамға баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Дәрігерлердің айтуынша, ол 1 тамыз күні ауруханаға жедел жәрдем көлігімен келіп түскен. Басының ауруына, ұйқысыздыққа, әлсіздікке шағымданған екен. Құзырлы орындар аталмыш оқиғаға қатысты тергеуді бастап кетті.

"Түскен кезде де сұраққа онша жауап бермей көбінесе сөйлемей, тұйық болды. Ем алу барысында жай-жай жүріп, клиникалық жақсару белгілері анықталған. Амблоторлы емді алып жүріп бізге осындай нашарлаумен келіп түсті",- дейді облыстық көпбейінді аурухана директорының орынбасары Жаңыл Абубакирова.