Bugin

Алматы қаласы тұрғындары заң бойынша тегін кеңес ала алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен үш жыл бойы (2023-2024-2025 ж.ж.) Алматы қаласының тұрғындары мен Алматы қаласында тұратын, қалалық деңгейіндегі заңды көмекке мұқтаж адамдардың барлығына заңды кеңес беру қол жетімді. Бұл туралы қалалық қоғамдық даму басқармасы хабарлады.

"Заң кеңесі" жобасын іске асырушы "Social project management" орталығы, қазірде Алматы қаласындағы 8-ауданда мобильді жылжымалы заң қызметі іске аспақшы, соның нәтижесінде zankomek.kz сайты құрылды. Тұрғындар онлайн жүйе арқылы сұрағын қойып, заңгерлерден жауап ала алады. Сондай-ақ емханаларда, ХҚО, сауда орталықтары, ЖОО-лар, жалпы қоғамдық орындардың барлығын қамтып, сол жердегі заңдық көмекке мұқтаж адамдар тегін кеңес, қызметтер ала алады.

"Сотқа дейінгі арыз шағымдарды жазу, өткізуге заңдық кеңес беруден  бастап, келісімшарттарды жасап, құқықтық кеңестің барлығын қамтиды", - деп сендірді орталық басшысы Бейбіт Модахметұлы.

Бұған дейін Алматы қаласында, "Халық заңгері" акциясы жыл сайын ұйымдастырылатын. Бірақ көп ұзаса, екі күнге ғана созылатын іс-шарада заңдық кеңесті алып үлгере алмай қалатындар болатын. Ал бұл жоба 2023- 2025 жылдарға дейін қамтылмақ.

"Заңды көмекті екі тілде, мемлекеттік және орыс тілінде ала аласыздар", - дейді орталық заңгері Қуат Ауғанбек.  

                                                                       Аида Кожмамбетова