Bugin

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған. Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышы бетпе-бет соқтығысқаны анықталды.

"Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді. Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", - деді ІІМ баспасөз қызметінен.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.