Bugin

Талғарда адамдар көкпар ойнап, жолды жауып тастаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде Алматының іргесіндегі автожолда көкпар ойнағандардың видеосы тарап жатыр.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 14 тамызда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Талғар ауданы автожолдарының бірінде 10 адамнан құралған топ көкпар ұлттық ойынын ойнап, сол арқылы көлік құралдарының жол қозғалысына кедергі келтірген.

Аталған дерек Талғар ауданының полиция бөлімінде дереу тіркелді. Тексеру барысында оқиғаның 12 тамызда болғаны анықталды, қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды.

Іс материалдары сотқа жолданылып, оның шешімі бойынша кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тартылады.