Bugin

Павлодарда бойжеткен 82 жастағы қарияны алдап, ақшасын жымқырған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: blogg51.ru

Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі жақында жас қыз 82 жастағы зейнеткердің 2,5 млн теңгесін ұрлап кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция мәліметіне қарағанда, ол қарт кісінің үйінің кіреберісінен ақшасын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.

"Зейнеткердің айтуынша, оған немересі хабарласып, көз жасына ерік беріп, ақша сұраған. Ол жол апаты болып, одан жүргізуші зардап шеккенін айтқан. Енді операция мен қылмыстық істі тоқтатуға шұғыл ақша қажет екенін айтып сендірген. "Жол апаты менің кесірімнен болды" деген. Осылайша, зейнеткер ақша үшін келген қызға жинаған бар қаражатын санап бере салған. Қыз содан кейін қашып кеткен", – делінген департаменттің хабарламасында.

Осыдан кейін полиция зейнеткерді алдаған адамның соңына түсіп, оны іздеуге кіріседі. Күдікті көп ұзамай ұсталады.

Тергеу кезінде күдіктінің Telegram мобильді қосымшасында жұмыс іздеп, бір чатқа кіргені анықталды. Ұсыныс бойынша, жас қыз ақшаны әкеліп, карта арқылы аудары керек. Ол соған сеніп, жұмысты істеген.

Қазір 25 жастағы қала тұрғыны мұндай тағы үш қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр