Bugin

Қазақстанда ажырасу қиындайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: emilia-spanish.ru

Қыркүйектен бастап Қазақстанда балалары бар жұптар арасында ажырасуды рәсімдеу ережелері іске қосылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Бірер апта бұрын ғана кәмелетке толмаған балалары бар ерлі-зайыптылар ажырасу үшін жергілікті аудандық немесе қалалық сотқа жүгінсе жететін еді. Некені сот тәртібімен бұзу ерлі-зайыптылар тиісті арыз берген күннен бастап алты ай ішінде жүзеге асырылды.

Қалай өзгерді?

Енді 1 қыркүйектен бастап балаларға қатысты барлық істер, соның ішінде некені бұзу туралы істерді кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотқа қарауға жіберіледі.

Алайда қазақстандық заңгер Данияр Байғабатов түсіндіргендей, бұл шара бірінші кезекте азаматтық соттарға түсетін салмақты азайту мақсатында қабылданған.

"Енді кәмелетке толмаған балалары бар барлық некені бұзуды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттар қарайды, егер балалар болмаса, некені бұзу туралы істі жергілікті атқарушы органдар қарайды", - деп түсіндірді Байғабатов.

Кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзудан басқа, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттарға қосымша функциялар берілді:

кәмелетке толмаған балалары болған кезде мүлікті бөлу;
баланың тұрғылықты жерін анықтау, оның ішінде бала ата-анасының бірімен Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұрғылықты жеріне көшу жағдайларын;
егер бала олардан бөлек тұрса, ата-анасының және жақын туыстарының баламен сөйлесу тәртібін анықтау;
ата-ана құқықтарынан айыру (шектеу) және қалпына келтіру (шектеулерді жою);
баланы асырап алу және оның күшін жою;
кәмелетке толмағандарды қараудың ерекше режимі бар арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу;
кәмелетке толмағандарға қамқоршылыққа байланысты дауларды шешу;
әке болуды анықтау және алимент өндіру;
он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағанды ​​өз кiрiсiне өз бетiнше билiк ету құқығын шектеу немесе айыру туралы арыздар;
алимент мөлшерін өзгерту, алимент төлеуден босату, кәмелетке толмаған балаларды асырау үшін өндірілген алимент бойынша берешекті өтеу;
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын даулар бойынша азаматтық істерді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары қарайды және шешеді.

"Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес, некені бұзу туралы істі қарау мерзімі алты айға дейін. Бірақ іс жүзінде бұл басқаша болады. Сондай-ақ, тараптардың бірі некені бұзуға қарсы болатын қосымша сәттер болса, бұл жағдайда некені бұзу басқаша жүзеге асады.Сонымен қатар ерлі-зайыптыларды татуластыру үшін медиаторларға жүгінуге болады.Өйткені адамдар эмоцияға байланысты ажырасып кететін кездер болады.Мұндай жағдай менің тәжірибемде жақында болды", - деп қосты Данияр Байғабатов.