Bugin

Ақмола облысында ер адам әйелінің қабырғасын сындырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: vrubcovske.ru

Ақмола облысы Щучинск қаласында 45 жастағы тұрғын азаматтық некедегі жұбайына дене жарақатын салды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

3 қыркүйекте Бурабай ауданының бөліміне "Авицена-Бурабай" медициналық мекемесінің қабылдау бөлмесінен "оныншы қабырғаның жабық сынуы, жүрекшенің гематомасы" диагнозы қойылған тұрғын жүгінген.

Тәртіп сақшылары әйелдің тұрмыстық жанжалдан дене жарақатын алғанын анықтады.

Полиция бөлімі бұл фактіні ҚК "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді.