Bugin
Фото: batafsil.uz
Калининградта өзбекстандық мигрант он алты жастағы қызды Өзбекстанға ұрлап кетуге әрекет жасаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы batafsil.uz сайтына сілтеме жасап.
22 жастағы жігіт ат клубында жұмыс істейтін қызды өзінің разылығынсыз алып қашпақшы болған. Алайда ойға алған ісі жүзеге аспай қалды. Аэрапортта қыз ебін тауып қашып кетеді.
Қыз сол маңда полиция қызметкерлеріне хабарлап, қыз алып қашпақ болған жігіт қолға түседі.
Жігіт 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.