Bugin

Маңғыстау жұртты бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 қыркүйекте Маңғыстау облысында ведомство өкілдері прокуратура мен полиция органдарының үйлестіруімен бопсалау, ауыр дене жарақатын салу мен заңсыз қару сақтау күдігіне іліккен топтың жолын кескен.

Операция кезінде топ жетекшісі мен оның 3 мүшесі ұсталып, олардан атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Олар облыстық және халықаралық жолдарда жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерді қорқытып, ақша талап еткен. Жәбірленушілердің арасында қызметтік міндеттерін атқарған шекара қызметінің әскери қызметкері де болған.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдар қамалды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.