Bugin

Әбиба Әбужақынова жүлдесін құрбысының рухына арнады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдодан күміс медаль жеңіп алған Абиба Әбужақынова жүлдесін жол апатынан қайтыс болған құрбысына арнайтынын айтты.

"Осы медальді жан құрбыма арнаймын. Жақында ғана қырқы өткен, соған қатысып осында келдім. Онымен интернатта бірге оқығанбыз",- деді Әбиба Әбужақынова.

Еске салсақ, Азиаданың алғашқы күнінде дзюдошыларымыз құрама қоржынына екі медаль салды. Абиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта күміс медальді қанжығаға байлады.