Bugin
Фото: pexels.com
Жетісуда көліктің адамды қағып өлтірген кезі бейнетіркегішке жазылып қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 14 қазанға қараған түні Алакөл ауданында болды.
Алматы - Өскемен тасжолының 524-шақырымында Mercedes Benz 519 CDI көлігінің 41 жастағы жүргізушісі жолда отырған 51 жастағы ер адамды қағып кеткен.
Полицейлер марқұмның түнгі уақытта неліктен жол бойында отырғанын анықтап жатыр.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.