Bugin
Фото:pexels.com
Өзбекстандық блогер Мариям Тілләева мектепте балалар арасында қысымға ұшырағанын ашып айтты, деп хабарлайды bugin.kz порталы.
Жастайынан өзге мемлекетке анасымен көшіп кеткен қыз жаңа мектепке үйренісе алмаған. Оның сыныптастары өте ашулы мінез танытыпты. Сол себепті Марияның тіпті құрбылары да болмаған.
"Мен оқитын мектептің оқушылары тым дөрекі еді. Көбі бай адамдардың перзенттері болатын. Тәрбиелері тіпті нашар еді. Мені жаңадан келген оқушы ретінде менсінбей, басына бастады. Тіпті, бір күні басымды унитазға тықты", деп блогер өзінің буллингке ұшырағанын жасырмай баяндады.