Bugin
Фотограф: Kaique Rocha, pexels.com
Ақмола полицейлері қар басқан трассалардың кадрларын жариялады, деп хабарлайды bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Демалыс күндері өңірде 30-ға жуық жол апаты тіркеліп, салдарынан көліктерге механикалық зақым келген.
Полиция автокөлік иелерін көлікті қысқы кезеңге дайындауға үндеді.
"Алдыңғы демалыс күндері патрульдік полиция батальоны мен ротасының нарядтары күшейтілген режимде жұмыс істеді: температураның төмендеуі және ылғалды қар түріндегі жауын-шашын жолдардағы жағдайды едәуір қиындатты. Ауа райына байланысты Көкшетау-Атбасар, Көкшетау-Рузаевка, Петропавл-Астана автожолдарында шектеу қойылды", - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.