Bugin
Фото: pexels.com
Филиппинде әуедегі ұшақтың есігін ашпақ болған жасөспірім сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Yonhap News басылымына сілтеме жасап.
Ол ұшаққа отырарда есірткі тұтынған. Жасөспірімді үш жылға бас бостандығынан айырды.
Айыпталушы маусым айында Филиппиннің Себу қаласынан Инчхон халықаралық әуежайына бара жатқан Jeju Air әуекомпаниясының бортында тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған. Ұшып шыққаннан кейін жігіт апаттық қақпаны ашуға тырысқан. Бірақ экипаж мүшелері мен басқа жолаушылар ұстап үлгерген.
Қонғаннан кейін жасөспірім Инчхон әуежайының полициясына тапсырылған.
ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
Қазақ қыздан тараған жеті ұрпақты қалай атаған?
"Қалыңдық ақ отауға өз еркімен бармаған": Үйлену тойынан соң қандай дәстүр жасалған?