Bugin
Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі
Петропавлда көп қабатты үйдің пәтері өртеніп, үйде жалғыз болған 3 жасар бала мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 10:00 шамасында болған.
«101» диспетчерлік нөміріне Петропавлдағы Жуков көшесі, 23 мекенжайындағы пәтерлердің бірінде өрт шыққанды туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтердегі заттардың – киім-кешек пен жиһаздың жанып жатқанын көрдік. Үйде 3 жасар бала жалғыз болған, делінген хабарламада.
СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бала жанған заттардың улы иісінен уланған. Үйден алып шыққанда сәбиде тірі жанның белгілері болмаған. Жедел жәрдем қызметі баланың өміріне араша түсу үшін 40 минут алысқанымен, ол нәтиже бермеді.
"Сәбиді алып шығып, жедел жәрдем қызметі бригадасына табыстадық. Алайда олар реанимациялық көмек көрсеткенімен, баланы аман алып қала алмады. Өрт 14 минут ішінде сөндірілді. Өрттің шығуына не себеп болғаны анықталып жатыр. СҚО ТЖД балаларды үйде жалғыз қалдырмауға кеңес береді. Өрт қауіпсіздігін сақтаңыздар", - дейді Петропавл қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Назымбек Елемесов.
ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
Қазақ қыздан тараған жеті ұрпақты қалай атаған?