Bugin
Фото: pexels.com
Ұлытау облысындағы «Жыланды» кенішінде жазатайым оқиға болды. Салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz ҚазАқпаратқа сілтеп.
Оқыс оқиға 24 қазан күні «Қазақмыс» компаниясына қарасты «Жыланды» кенішінде болған.
Екінші ауысым басталғанда конвейерлік учаске бастығы 6 қызметкерден тұратын бригадаға «Стакер» жетек барабанын апаттық жөндеу жөнінде жазбаша нұсқау берген.
«Стакердің» таспалы конвейерінің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар Стакер алаңымен бірге кен үйіндісіне құлады. Бүкіл алты қызметкер Жезқазған қаласының медицина орталығына жеткізілді» деп мәлімдеді «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда 2 қызметкер травматология бөлімінде жатыр.
Науқастардың жағдайы бірқалыпты, ауырлық дәрежесі белгіленуде. Қалған төрт қызметкер тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберіледі.