Bugin

Алматы облысында 10 жастағы қызға көршісі азғындық жасап келген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: klike.net

Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында 10 жастағы қыз туысқан-көршісінен азғындық көрген, деп хабарлайды  Bugin.kz  порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Екі жыл бойы жасалған азғындық туралы қыздың жақындары 16 қазанда ғана білген.

"Сол күні Ұзынағашта барып, цемент әкелмек болғанмын. Қызым сабаққа жиналып жатты. Бірақ уақыт әлі ерте еді. Көршім үнемі қайда барасың, қайда жиналып жатырсың деп сұрап жүреді. Сол мен кеткен арада жиеніме келіп тиіскен. Қыз оны анасына айтқан. Кешке бала сабақтан келген соң көршіме барсақ, есігін ашпайды. Телефоннан звондап едік, "кешірші" деп қайталай берді", - дейді жеткіншектің нағашы әжесі.

Қыз бесінші сыныпта оқиды. Айтуынша, мұндай әрекет 2 жыл бойы болған.

"Бұл көршім ғана емес, бір шеті туысым, нағашым болып келеді. Осы үйде қандай шара болсын, төрде отырады. Құран оқып, қойдың басын мүжіп жүрген жақыным. Қарындасым деп менің арқамнан қағып, аға боп жүрген адам ғой. Көшедегі балалардың бәріне мейірімді, бәріне кәмпит таратады. Мотоцикліне отырғызып ойнатады. Сондай туыс адамнан қалай күдіктенесіз. Есімізді әлі жия алар емеспіз. Өзім осындай ақпараттарды оқып жүріп, дәл бізде болады деген миыма кірмепті", - дейді жәбірленушінің нағашы әжесі Жанар.