Bugin

Құрбысынан өш алмақ болған оқушы полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Pexels

Қарағандыда мектеп оқушысы құрбысының атынан қоқан-лоққы жасап, ақша талап етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

City Mall сауда орталығында бомба жасырылды деген жазба облыстық әкімдіктің электронды поштасына түскен. Құрбысымен жанжалдасып қалған мектеп оқушысы оның атынан жалған хабарлама жіберген. Хатта қыз таныс құрбысының нөмірін жазып, бомбаны жармау үшін төлем талап еткен.

"Оқиға орнына дереу жеткен шұғыл қызмет өкілдері сауда үйінен 200-ден астам адамды эвакуациялап, ғимаратта тексеру жұмыстарын жүргізді. Алайда ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қарағандылық жедел уәкілдер хабарламада көрсетілген абоненттік нөмірдің иесі 14 жастағы қызды анықтады", - дейді полицейлер.

Алайда одан әрі тексеру барысында хабарламаны онымен жанжалдасып қалған құрбысының жібергені белгілі болды.

Осыған ұқсас жайт Петропавлда болды. 102 пультіне Dostyq Mall сауда және ойын-сауық орталығында бомба жасырылғаны туралы хабар келіп түскен.

"Сауда орталығына келушілер мен жұмысшылар эвакуацияланды. Оқиға орнына полиция, төтенше жағдайлар және басқа да мүдделі қызметтердің қызметкерлері келді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ", - дейді полиция қызметкерлері.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер кәмелетке толмаған қала тұрғынын анықтады. 16 жастағы жасөспірім мас болған.