Bugin

Қазақстанда теле-радио хабар тарату уақытша тоқтатылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: istockphoto

Қазақстанның барлық аумағында теле-радиоарналардың жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлады Bugin.kz порталы.

8 қарашада сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қ. уақытымен) телерадио хабарларын тарату тоқтатылады.

"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жауып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Осыған байланысты, осы жылдың 8 қарашасында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қ. уақытымен) телерадио хабарлары таратылмай, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз", – делінген хабарламада.