Bugin

Дауылдан 12 адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Жұма күні Еуропаны шарпыған «Киаран» дауылы құрбандарының саны 12-ге жетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

"Атлант мұхитының жағалауына жетіп, шығысқа қарай жылжыған дауыл Италияның солтүстік-орталығындағы Тосканада бес адамның өмірін қиды. Бұл жерде жауын-шашын мөлшері рекордтық деңгейге жетті", - деп хабарлады жергілікті билік.

Флоренцияда жағдай аса күрделі, деп ескертті мэр Дарио Нарделла. Арно өзеніндегі су тасқыны жұма күні шарықтау шегіне жетеді деп болжанып отыр.

Қатты желден талай ағаш құлап, адам өліміне әкеп соқтырған. Салдарынан Бельгияда екі адам, Францияда екі адам, Мадрид орталығында бір адам, Германияда бір адам және Нидерландта бір адам көз жұмды.