Bugin

Қазақстан мен Қытайдың визасыз режимімен қай аумақтарға баруға болмайды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы келісімнің күшіне енуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы bugin.kz тілшісі  Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, келісім 10 қарашада күшіне енді. Құжатқа сәйкес, екі елдің азаматтары жеке істер, туризм, емдеу, халықаралық тасымалдау, транзиттік және іскерлік мақсаттар үшін виза аштыру талаптарынан босатылады. Бұл ретте азаматтардың екi мемлекеттiң аумағында болу мерзiмi мемлекеттiк шекараны кесiп өткен кезден бастап күнтiзбелiк 30 күннен, ал 180 күнтiзбелiк күн iшiнде барлығы 90 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс. Егер азаматтарға 30 күннен астам тұру қажет болса, олар алдын ала тиісті санаттағы кіру визасын алуы керек.

"Визасыз режим жұмыс істеуге, оқуға және миссионерлік қызметке құқық бермейді. Жоғарыда аталған келісім ҚХР Гонконг және Макао арнайы әкімшілік аймақтарының аумағына баруға қолданылмайтынын ескертеміз. Гонконг 14 күннен аспайтын мерзімге визасыз; Макаоға бару үшін визаға өтініш беру керек », - делінген хабарламада.