Weekend

«Miss Semey 2019» байқауының жеңімпазы анықталды

Семей қаласында «Іңкәр-Сезім» агенттігінің ұйымдастыруымен сұлулық байқауы өткізілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Семей қаласында көптен күткен «Miss Semey 2019» сұлулық байқауы өткізілді. Байқауға 21 қыз іріктеліп алынды. Байқаудың бас ұйымдастырушысы «Іңкәр-Сезім» агенттігі. Әділ-қазы алқасының шешімі бойынша титул Диана Бахтиярқызына бұйырды.

«Мен бүгінгі байқауда жеңіске жететініме сенімді болдым, дәл қазіргі қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мені қолдап келген достарыма және туыстарыма өз ризашылығымды білдіремін» - Диана Бахтиярқызы. 

Айта кетейік, Диана ендігі кезекте «Miss Qazaqstan 2019» байқауында Семей қаласының атынан бақ сынайтын болады.