Bugin
Фото: pexels.com
Елімізде жыл сайын 400 әйел күйеуінен таяқ жеп қайтыс болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.
Сұмдық статистиканы Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялады. Әлеуметтік желіде қыз-келіншектер құқықтарын қорғауды талап етуде. Заңды күшейтуді сұрап, таяқтың астына алуды «әдетке» айналдырғандарды қатаң жазалауды сұрайды. Отбасындағы жанжал күн тәртібінен түспейтін тақырыпқа айналды.
Бұл мәселе біздің ғана емес, біраз елдің бас ауруына айналған. Әлемде әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Сорақысы, олардың 40 проценті ғана бұл туралы ашып айтады.
Зорлық-зомбылыққа көбіне оқымаған әйелдер ұшырайды. Бұған полицейлер жүргізген сауалнама- дәлел. Жігіттер болса, келіншегім күнімен ыдыс-аяқтың ортасында жүріп, ыдыс-аяқты өзі сылдырлатады, -дейді. Әрине, кінә екі жақтан екені даусыз. Бірақ сол үшін өмірлік жарын тепкінің астына алу дұрыс емес – дейді мамандар.
Жыл сайын полицияға 100 мыңнан астам хабарлама түседі. Зәбір көрушілердің 78%-і әйел, 10% -і бала. Жанжал көбейгеннен кейін, ажырасу дерегі де артады. Былтыр 17 мың шаңырақ шайқалған.