Bugin

Жаркент маңында екі автокөлік соқтығысып, жанып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Жол апаты 18 қарашада Жаркент маңында болып, екі "Ауди" көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнынан ауруханаға 5 адам жеткізілді, оның біреуі медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатқызылды.

Автокөліктер "Алматы-Қорғас" тас жолының 336-шақырымында соқтығысқан.

Алдын ала болжам бойынша, автомобильдердің бірінде дөңгелегі жарылып, салдарынан жүргізуші рөлге ие болмай, басқа көлікпен соқтығысқан.