Bugin

Бапкерлер ақымақ емес: Мырзағали Айтжанов күтпеген мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

фото: prosports.kz

Өткен аптада Астана қаласында бокстан Қазақстан спартакиадасы өз мәресіне жетті. 176 боксшы 13 салмақ бойынша өзара жеңімпазды анықтады. Спартакиададан кейін бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбайдың жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Bugin.kz порталы"Egemen Qazaqstanбасылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ташкенттегі әлем чемпионатында Санжар жеңіске жеткеннен бері, Олимпиадаға кім баратыны туралы талас күшейді. Екі былғары қолғап шебері де осал емес. Құрама бапкері бұл туралы:

"51 кг салмақта Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай арасындағы жекпе-жек көптің көңілінен шықты. Екі әлем чемпионының жұдырықтасуы өте керемет өтті. Үш раунд­та да Сәкен жоғары деңгейде өнер көрсетті. Сәкен­нің финал­дағы кездесуі 2021 жылы Сербия өткен әлем чемпионатында америкалық Роско Хиллмен өткен жекпе-жекке ұқ­сады. Ол бекерге Олимпиаданың қола жүлдегері болмағанын тағы бір мәрте дәлел­деді. Ендігі мақсат – Олимпиада ли­цен­зиясын иемденіп, Парижде топ жару", - деді.

"Сәкен Бибосыновтың бапкері Мырзағали Айтжанов болғандықтан, оған басымдық беріледі" деген пікірлер әлеуметтік желілерде айтылып жүрген еді. Осыны назарда ұстаса керек, бапкер бұл ойды жоққа шығарып, мәлімдеме жасады: 

"Жалпы, біз ешкімді бөлмейміз, бар­лығына дұрыс қараймыз. Бірақ соңғы кезде "Азия ойындарына ананы апару керек еді, мынаны апару керек еді" деп, өз пікірін айтатын "мамандар" көбейіп кетті ғой. Сол "пыш-пыш" әңгімеге Сәкен нүктесін қойды. Негізі бапкерлер ақымақ емес, кімге қай салмақ қо­лайлы екенін біледі. Сондықтан мән-жайды білмей, бапкерлерге орынсыз сын айтудың қажеті жоқ. "Бөлінгенді бөрі жейді" дейді ата-бабамыз. Ең бастысы, бізге ауызбірлік керек. Қолдау керек. Ниеттес, тілектес адамдар көп болса, сонда ғана үлкен белестерді бағын­дырамыз", - деп айтты