Bugin

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еліміздің Әскери сотында Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты қылмыстық істі апелляциялық тексеру басталды, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін ҚР Әскери сотында бұзақылық ниетпен екі адамның денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірген әскери қызметші Б-ға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тексеру басталды. Бұған дейін бірінші сатыда әскери қызметші Б-ға 500 АЕК – 1 7125 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынған болатын. Зардап шегушілердің пайдасына 1 млн теңге мөлшерінде моральдық өтемақы өндіріп алынды. Іс сотқа зардап шегушілердің (бас бостандығынан айыруды сұрайды) және прокурордың (ақшалай айыппұлды бас бостандығына айыр жазасына ауыстыруды сұрайды), сотталушының адвокатының (ақтауды сұрайды) апелляциялық шағымдарына байланысты түсті", - делінген Әскери сот таратқан ақпаратта.