Bugin
Фото: pexels.com
Қарағандыда ер адам ажырасу кезінде әйелін өлтіріп тастаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
26 мамырда ресми түрде ажырасқан соң ер адам АХАЖ-да экс-әйеліне екі рет пышақ сілтеген, жәбірленуші оқиға орнында жан тапсырды. Қарағанды облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осы қылмыстық іс бойынша қаскөйге қатысты үкім шығарды.
Қарағанды облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адамға екі бап бойынша айып тағылды. Атап айтқанда, адам өлтіру және суық қаруды заңсыз түрде алып жүру.
2023 жылы 26 мамырда Ботақара ауданының АХАЖ ғимаратында ер адам мен оның бұрынғы әйелі арасында жанжал туындаған. Содан кейін ер адам аңшылық пышақты суырып алып, әйелдің шап аймағы мен сол жақ бұғана астына екі соққы жасаған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан Бұқар жырау ауданының орталық аудандық ауруханасында ес жимастан көз жұмды.