МӘДЕНИЕТ

Назарбаевтың қолын сүйген қазақ жазушысы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Бүгін халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың туған күні. Жазушы 1939 жылы 6 желтоқсанда қазіргі Маңғыстау облысы, Оңды ауылында дүниеге келген. Алғашқы өлеңдер жинағын 23 жасында шығарған. Bugin.kz порталы қаламгердің экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен қарым-қатынасы жайлы деректер ұсынады.

Әбіш Кекілбаев бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевпен тығыз қарым-қатынаста болған. Екеуі үзеңгілес болып, мемлекеттік мәселелердің шешімін тапқан. 

1993 жылы жазушы Ұлттық Кеңес орынбасары боп қызмет етеді. Ұлттық Кеңестің жұмысын ұйымдастыруда мемлекеттік қайраткер жаңашыл әдістерді қолданып, тиімді алгоритмдер ұсынған. Ең алдымен, белгілі бір мәселелерге арнап құрылған комиссиялардың барлығын мамандармен, мүдделі органдардың өкілдерімен қосымша түрде толықтыруды ұсынды.

1995 жылы 19 қазанда Әбіш Кекілбаев Нұрсұлтан Назарбаев алғаш президенттік қызметке кіріскен салтанатта: "Сізге тарихтың артып отырған жүгі орасан ауыр. Сіз жаңа мемлекеттің тек іргесін ғана қалап қоймайсыз, оның күллі сәулет-бітімінің дұрыс пішімделіп, дұрыс қалыптасуына келешек алдында сіз жауап бересіз. Барлық алғашқылардың тағдыр-талайы солай болған. Сізге де солай етуге тура келеді", - деп сөз сөйлеген.

"Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығымен" марапатталып, 1996 жылы 30 қазанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды. Жазушыны Назарбаев "Алаштың әлем алдындағы бетке ұстар ірі тұлғаларының бірі" деп бағалаған. 

"Әбекең - әлемдік өркениеттің ортақ қазынасына олжа салған суреткер. Әлі де қоғам мен қауымды толғандырған келелі мәселелерде кең толғар пайым қажет болғанда, қаламына қайраткер сөз ұштап, шынайы пікірі мен шырайлы бәтуасын жайып салады. Жұртының мүддесі үшін жазары таусылмаған жазушы болу да бір бақыт қой. Шіркін-ай, осындай қазақ көбірек болса екен деп тілеймін!" - деп пікір білдірген Назарбаев.  

2009 жылы Астана қаласында Опера және балет театрында Әбіш Кекілбаевтың 70 жас мерейтойында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қайраткерге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді.

Құттықтау сөзінде Әбішұлы: "Мен осынау жылдарда талай азаматтарды жаныма тарттым, жақсы қызмет беріп, мәртебелерін өсірдім. Олардың елге танылуына жағдай жасадым. Бізде қызметтен кеткенде ғана "білгір де іскер" болып көрінетіндер де бар. Әбекең ондай осалдық көрсеткен жоқ. Әрқашан азаматтық биіктен көрінді", - деп, жазушыға "Алтын жұлдыз" белгісін тақты. Құрметке қатты толқыған Әбіш Кекілбаев:

"Жер бетінде қаламгер еңбегінің қадірі азайып, қасиеті кеміп жатқанда біздің елімізде ол бұрынғысынша ардақталып, бұрынғысынша ұлықталуда", - деп жауап қайтарып, еңкейіп экс-президенттің қолын сүйген. Осы кезде халықтың пікірі екіге бөлінген.

Кейіннен 2004 жылы 15 желтоқсанда бірінші нөмірлі "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен марапатталды.

Еске сала кетсек, қоғам қайраткерінің құрметіне Ақтауда ескерткіш ашылып, Алматы, Астана, Орал қалаларында көше атауы берілген.

                                              Материал авторы: Бану Әбдіғалиева