Bugin

Өзбекстанда қазақстандық әншінің концертінен соң, қылмыс әлемінің серкелері жаппай тұтқындалуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Достон Халилов / Фото: Ферғана облысының IIБ

Өзбекстанда қылмыс әлемінің "серкелері"  белсенді бола бастаған еді. Соңғы бірнеше күнде қылмыс әлемінің ондаған өкілі қамауға алынып, оларға қатысты тергеу амалдары басталды, -деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.

Көше бұзақыларының ұсталғаны туралы ақпарат алғаш рет 28 қарашада желіде пайда болды. Сол күні Ташкентте "Бахти Ташкентский" лақап атымен танымал Бахтиёр Гудратуллаев есімді азамат тұтқындалды. Бопсалады деген күдікпен 52 жастағы Гудратуллаевпен бірге 43 жастағы Дилшод Шәріпов пен 51 жастағы Әнуар Мирзоханов қамауға алынды. Ташкент қалалық ІІД хабарламасында:

"Бұл адамдар қорқыту және күш қолдану арқылы заңсыз қаражат алумен айналысқан", - делінген .

Ғұдратуллаевпен «тығыз қылмыстық қарым-қатынаста» делінген Достон Халилов есімді адам Ферғанада қамауға алынды. Қырғызстанға қашпақ болған ол «Достық» шекара заставасында ұсталып, үстінен бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл ретте Ташкентте «Сайдазиз медгородок» деген лақап атпен танымал 36 жастағы Сайдазиз Сайдалиев пен оның сыбайластары да қамауға алынды.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, ол айналасына дене шынықтырған адамдарды жинап, бірқатар қылмыс жасаған. Атап айтсақ, ақшаға адамдарды жұмысқа алу, борышкерлерді қорқыту арқылы ақша бопсалау, бұзақылық әрекеттері осылардың қатарында.

Айта кетейік, ауқымды рейдтер мен тергеулер 25 қарашада Humo Arena-да қазақстандық рэпер Джах Халибтің концертінде болған тәртіпсіздіктен кейін басталған еді. Жалған билеттер сатылып кеткендіктен, концертке кіру үшін үлкен кептеліс болған.