Bugin

Абай облысында ер адам құлдықта болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Абай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен психикалық ауытқушылығы бар адам табылды, деп хабарлайды Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Анықталғандай, ол осы уақытқа дейін құлдықта болған.

Полицияға хабарласқан әйел 50 жастағы ағасының хабар-ошарсыз кеткенін айтып, көмек сұрады. Ер адамның психикалық ауытқушылығы бар. Тәртіп сақшылары дереу оны іздестіруге көшті.

"Соның нәтижесінде, полиция қызметкерлері жоғалған азаматты тапты. Ер адам Семей қаласынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалығында құлдықта болған. Оны алдап, байланыс құралдарын тартып алып, алып кеткен екі күдікті ұсталды", - деп жазды Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жәбірленуші үш апта бойы үй шаруашылығындағы жұмыстарға жегілген. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 128-бабымен (Адам саудасы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.