Bugin

WhatsApp мессенджерінде өзгенің арына тиген атыраулыққа үкім шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Атырау облысының тұрғыны WhatsApp мессенджерінде өзгенің арына тиетін дыбыстық хабарлама жіберген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Сот үкімімен құқық бұзушыға 69 мың теңге айыппұл салынды.

Жылыой аудандық сотында жәбірленуші А.Т.-ның абыройы мен қадір-қасиетін кемсіткен адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Айыпталушы З.И.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабының 1-бөлігімен (Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) айып тағылған. 

"Жәбірленуші А.Т. арызында З.И.-дың WhatsApp желісі арқылы абыройы мен қадір-қасиетіне тиетін дыбыстық жазба жолдағанын көрсетіп, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады. Сот іске қатысушыларды тыңдап, дәлелдемелерді зерттеді. Сот психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, сотталушы З.И-дің іс-әрекетінде Қылмыстық кодексінің 131-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтың құрамы бар деп тапты. Алайда, шағымданушының З.И.-ды аталған 131-баптың 1-бөлігімен жауаптылыққа тарту туралы арызына байланысты іс жеке айыптаудың шеңберінде қаралды", - деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен құқық бұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 69 мың теңге айыппұл салынды. Сотталушы З.И.-дан жәбірленушінің пайдасына сараптама жүргізумен байланысты 293 мың 250 теңгенің сот-процестік шығыны өндірілді. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.