Саясат
Саясат
Украинаның strana.ua сайты журналистері ІІМ мұрағатын ақтарып, осы кезге дейін жұрттан жасырылған жайтты анықтады. Ресми дерек бойыша, ағымдағы президент Петр Порошенконың әйелінің өмірбаянындағы Киевте дүниеге келгені жайлы мәлімет жалған болып шықты.
Марина Порошенко 1962 жылы Қазақстанда, Семейде туылған көрінеді. Бұл дерек оның анасы Людмила Николаевна Переведенцеваның жеке ісін қарап жатқанда кездейсоқ белгілі болған. Ол Семейдегі ядролық сынақ алаңында жұмыс жасап, әскері өндіріске арналған "Арсенал" зауытына ауыстырлған екен. Ал, Маринаның әкесі Украина денсаулық сақтау министрінің орынбасары болған.
Марина Петр Порошенкодан 3 жас үлкен, алайда жас айырмашылығы олардың махаббатына кедергі болмаған. Екі жас үйлену жайлы шешім қабылдап, АХАЖ-ға арыз берген соң бір апта өтпей жатып, Петрді әскерге алып кетеді. Петр әскерден 10 күнге демалыс алып келіп, тойын жасайды. Алғашқы перзенті дүниеге келгенде Петр әскерде жүрген болады.
Марина Медициналық жоқарғы орнын бітіріп, кардиолог мамандығын алған. Тәуелсіз Украина тарихында қорғалған алғашқы кандидаттық диссертация да соның үлесінде.
2004 жылы Марина Порошенко Ресей-Украина біріккен кәсіпорыны "Реестрационная компания Трансат" иелігіндегі "Мрія -Авто" компаниясынында басшылық қызметте болған.
Ханым Украинаның жұмбақ тұлғаларының бірі. Оған қатысты деректер құпия сақталады.
Әлем тарихына қарасақ, саясатта өмірбаянын өзгертетіндер көп. Михаил Горбачевтың негізінде түрік, Ангела Меркельдің поляк ұрпағы екені туралы жазба деректер бар. Оның қасында туған жерін жасыру да сөз боп па?