Bugin

"Орыстілді халықты Путин өлтірді": Зеленский соғыс туралы тосын мәліметтер айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: president.gov.ua

Украина президентінің айтуынша, украина халқының қазір бір ғана тілекпен өмір сүріп жатыр. Олар  соғыстың аяқталуын, бейбіт өмір сүру және Ресей Украинаға қауіп төндірмеуін қалайды.  Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Украина агрессивті сұрапыл соғыс үшін Ресейді кешірмейді. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Буэнос-Айресте Латын Америкасы БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.

"Ешкім Ресейді кешіргісі келмейді. Оларды ешкім кешірмейді. Олар Украинаны жаулап ала алмайды. Өйткені олар Украинаны басып алып, өмір сүрсе де, үйлері күнде отқа оранады. Әрине, бұл қайтымсыз сәт, өйткені олар көптеген адамдарды өлтірді. Бізде әр отбасында шығын бар", - деді Зеленский.

Украина басшысы орыс басқыншылары соғыста өз мақсатына жете алмайтынына сенімді. Президент соғысты тоқтату үшін белгілі бір қадамдар жасалу керектігін баса айтты.

"Әрине, қайта басталмайтындай етіп аяқтауымыз керек. Бізге арнайы қауіпсіздік кепілдіктері қажет", - деді Зеленский.

Зеленский Ресей президенті Владимир Путинге бейбітшілік қажет еместігін айтты. Өйткені Путин  Украинаның тәуелсіз болғанын қаламайды.

"Ол ешқандай қарым-қатынасты қаламайды. Ол соғысты тоқтатқысы келмейді. Қаласа телефондағы бір ауыз сөзбен соғысты тоқтатады"- деді Зеленский.

Сонымен бірге, оның айтуынша, Ресей президенті Украинаның аумақтық тұтастығын қалпына келтіруге мүдделі емес. Зеленский Путиннің айтқандарының бәрі шындыққа жанаспайтынын айтты. Атап айтқанда, Украина мемлекетінің басшысы еске түсіргендей, Путин 2014 жылы соғысты бастаған кезде бұл орыстілді халықты қорғау мақсатында жасалғанын айтқан.

Зеленский Украинаның шығысындағы орыс оккупация армиясы қиратқан қалалардың барлығы орыстілділер екенін, онда көптеген орыстілділер тұратынын атап өтті.

"Ол оларды өлтірді. 2014 жылы Путин оларды қорғайтынын айтты, бірақ шын мәнінде халықты өлтірді", - деді Зеленский.