Bugin

Қазақстанда тас жолдардың қай учаскелері жабық тұр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еліміздегі тас жолдардың қай учаскелері жабық тұрғаны анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

2023 жылы 16 желтоқсанда сағат 9:00-дегі жағдай бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты (суық күнде жаңбырдың жаууы, боран, көктайғақ) бес облыста республикалық маңызы бар тас жолдардың сегіз учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Жетісу облысы:

Үшарал-Достық тас жолы, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі аралықтағы жол учаскесі (100 км).

Алматы облысы:

Алматы-Ташкент-Термез тас жолы, Жаңақұрылыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі аралықтағы жол учаскесі (84 км).

Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді. Жолда көліктер тұрып қалған жоқ.

Атырау облысы:

Ақтөбе - Атырау - Ресей Федерациясының шекарасы (Астраханьға) тас жолы, 712-893 км, Жанбай ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі (Астраханьға) аралық.

Жамбыл облысы (жалпы жиынтығы - 600 км):

  • Алматы - Ташкент-Термез, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі жол учаскесі (Жаңа Қордай асуы) – 95 км.
  • Шу-Қайнар - 56 км.
  • Алматы – Ташкент – Термез, Қайнар ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі жол учаскесі - 354 км.
  • Алматы-Ташкент-Термез, Алматы облысынан Қайнар ауылына дейінгі жол учаскесі - 95 км.

Шектеу ауа райының нашарлауына байланысты енгізілді (суық күнде жаңбырдың жаууы, көктайғақ) және көліктің барлық түрлеріне қолданылады. Қайта жабылған жол учаскелерінде 50 автомобиль, оның ішінде 30 жүк және 20 жеңіл автомобиль жиналып қалды.

Түркістан облысы:

Алматы – Ташкент - Термез, Машат ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі жол учаскесі (62 км).

Шектеу Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты енгізілді және көліктің барлық түрлері үшін қолданылады. Көліктердің тұрып қалу фактісі тіркелмеді.